Мәскеуде Мирзияев пен Путин келіссөз өткізді

Мәскеуде Мирзияев пен Путин келіссөз өткізді

Мәскеуде Мирзияев пен Путин келіссөз өткізді
ашық дереккөзі
Мәскеуге мемлекеттік сапармен барған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Оған дейін Мирзияев Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен келіссөз өткізген. Кездесуде газ кеніштерін игеру мәселелері, сонымен бірге терроризмге қарсы күрес мәселесі талқыланған.
Келіссөздер кезінде Ресей президенті Владимир Путин Шавкат Мирзияев Өзбекстанда билікке келгелі бері өткен аз ғана уақыттың ішінде екі ел арасында сауда қарым-қатынастары елеулі түрде кеңейгені туралы мәлімдеген. «Бүгінгі сапарыңыз, біздің бірлескен жұмысымыз екіжақты байланысты нығайтудағы алға басқан тағы бір өте елеулі қадам болатындығына үміт қана емес, сенім білдіремін. Кремльге қош келдіңіз деп сізді шын жүректен қарсы алуға рұқсат етіңіз» деген Путин. Өзбекстан басшысы өз кезегінде Владимир Путинге Ресей тарабының Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің ескерткішін орнатуға Мәскеудің орталығында орын бергені үшін алғысын білдірген. «Бұл сквер біздің халықтарымыздың арасында достықты нығайтудың көпіріне айналады деп ойлаймын» деген Өзбекстан президенті. Шавкат Мирзияевтің Мәскеуге сапары кезінде 55 құжатқа, соның ішінде экономика саласы бойынша жалпы сомасы 16 миллиард доллардың келісіміне қол қойылады деп жоспарланған.