Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Жарыссөз басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот отырысына қатысуға белсенді Жан Ахмадиев келген. Судья одан:
– Сіз кімсіз? Жай қатысушысыз ба? Онда шығыңыз, - деді.
Осыдан кейін Жан Ахамдиев сот залынан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінгі жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай айыпталушыларға 1,6 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.