Ертіс өзенінде гидроциклмен жүрген жігіт өзен ортасында қалып қойған

/
Ертіс өзенінде гидроциклмен жүрген жігіт өзен ортасында қалып қойған
istockphoto

Семейде гидроциклмен жүрген ер адам өзен ортасында қалып қойған, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖМ мәліметінше, 1 маусым күні кешкі уақытта Семей қаласындағы Ертіс өзенінде 1996 жылы туған ер адам гидроциклмен серуендеп жүріп, жағадан алыс жерде тоқтап қалған. Анықталғандай, гидроциклдің аккумуляторы отырып қалып, өзен ортасында қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары азаматты жағаға дін аман жеткізді.

ТЖМ мамандары су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді: жеке қорғаныс құралдарын (құтқару жилетін) пайдалану, техникалық құралдардың жарамдылығын тексеру және ауа райы жағдайын ескеріп отыру қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары