Бүгін Үржарға алғаш рет SCAT ұшағы қонды

/
Бүгін Үржарға алғаш рет SCAT ұшағы қонды
Фото: scat

Бүгін Үржар ауданының Үржар ауылындағы әуежайға алғаш рет "SCAT" әуе компаниясының "CRJ-200" жолаушылар ұшағы қонды, деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.

Аудан тұрғындары бұған дейін "АН-24" ұшағымен қатынап келген болатын.

Енді "Үржар-Алматы" және "Үржар-Астана" бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалады.

"Бұл жергілікті тұрғындарға ғана емес, Алакөл мен өңірдің басқа да туристік нысандарына келетін қонақтар үшін өте қолайлы. Әуе қатынасы мемлекет тарапынан субсидияланады. Сол себепті билет бағасы да қолжетімді", - деп жазылған хабарламада.

Канадада шығарылған "CRJ-200" ұшағы 50 жолаушыға шақталған. Әуе кемесі жайлы әрі өңіраралық бағыттарға ыңғайлы.

Айта кетейік, Алакөл жағалауын абаттандыруға 658 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 2018 жылдан бері жөндеу көрмеген Арбат жаңартылып, бояу, сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары