Қостанайда қайғылы жағдай болды

/
Қостанайда қайғылы жағдай болды
istockphoto

Тобыл өзенінде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Оқиға 31 мамыр күні орын алған, деп хабарлайды turkystan.kz Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кезінде бес кәмелетке толмаған жасөспірім суға шомылуға тыйым салынған белгілерге қарамастан, өзенге рұқсат етілмеген жерде түскен. Алайда судағы демалыс орны қауіпсіз болмаған.

Балаларды байқап қалған балықшы шұғыл әрекет етіп, төрт жасөспірімді құтқарып қалды. Өкінішке қарай, бесінші жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол абайсызда суға батып кетті, – делінген ТЖД мәлімдемесінде.

Құтқарушылар жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Оқиға орнына Қостанай облысы ТЖД-ның 4 арнайы техникасы мен мамандары тартылған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес, рұқсат етілмеген жерде балалардың шомылуына жол бергені үшін төрт кәмелетке толмағанның ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін. Су айдындарындағы демалыс тек арнайы жабдықталған жағажайларда және ересектердің бақылауымен ғана болуы тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары