«Қайраттың» бас бапкері бейәдеп сөз айтқаны үшін жазаланды

/
«Қайраттың» бас бапкері бейәдеп сөз айтқаны үшін жазаланды
Фото: fckairat.com

«Қайрат» футбол клубы әлеуметтік желіде бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің 30 мамырда өткен «Ақтөбе» командасымен ойында бейәдеп сөз айтқаны үшін кешірім сұраған видеоүндеуін жариялады.

Уразбахтин «Ақтөбемен» өткен матч кезіндегі оқиғаның қалай болғанын айтты.

«Ойын бойы «Ақтөбе» ФК жанкүйерлері трибунадан командамыздың бапкерлер штабы мен ойыншыларына бірнеше рет балағат сөз айтып, біз жаққа бөгде зат лақтырды. Жағдай ушығып, шиеленісті сәтте шамадан тыс эмоцияға беріліп, бейәдеп сөз айтып қойдым. Бұл әрекетім үшін шын жүректен өкінемін. Сөзіммен ренжітіп алған жандардан кешірім сұраймын», - деді ол.

Полиция бұл оқиға үшін Рафаэль Уразбахтин әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынғанын хабарлады.

"Ол балағат сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Азамат құқықбұзушылық жасағаны үшін елорда полиция департаментіне жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары