Қырғызстандa жантүрұ оқиға болды. Жаңа туған нәрестені дәретханаға лақтырып, кейін шығарып алып, пышақтаған, деп хабарлайды Turkystan.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Баланың анасы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Бұл қайғылы жағдай Баткен облысында болған. Құқық қорғау органдары қылмысқа баланың анасын күдікті ретінде қарастырып отыр.
«Бірнеше күн бұрын Раззақов қаласында 18 жастағы қыз босанып, сәбиін дәретхананың шұңқырына тастаған. Кейін оны шығарып алып, өткір затпен жарақаттаған», – делінген хабарламада.
Күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталғаны белгілі, алайда қазіргі уақытта ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған. Тергеу амалдары жалғасуда.