Түркістанда жүргізуші көлікті темір жолға тастап қашып кеткен

/
Түркістанда жүргізуші көлікті темір жолға тастап қашып кеткен
Фото: Sputnik

Түркістан облысында жүргізуші көлікті темір жолға тастап қашып кеткен, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Оқиға 1 маусымда сағат 04:05-те "Састөбе – Ынтымақ" теміржол учаскесінде болған. Жүргізуші темір жолда жеңіл автокөлікті тастап, өзі оқиға орнынан кетіп қалған.

Бұл жағдай пойыздардың қозғалыс кестесіне әсер етті.

Теміржол мамандары оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына хабарлады.

Осы секілді оқиға бір күн бұрын, яғни 31 мамырда да тіркелді. Сағат 21:31-де "Жаңаесіл-Пресногорьковская" учаскесінің күзетілмейтін, реттелмейтін теміржол өткелінде жеңіл көлік анықталған. Сол себепті жүк пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолданып, "Nissan" маркалы жеңіл автокөлікпен соқтығысудың алдын алды.

Бұл жағдайда да көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары