Желіде Большая Михайловка бекетінде екі жасар баланы пойыз қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Жазбаға қатысты ҚТЖ өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жазба Temirtau.today Instagram-аккаунтында жарияланды. Жазба авторларының жазуынша, пойыз кішкентай баланы қағып кеткен.
"Жергілікті тұрғындар шошып қалған және теміржол бойында қалқан ретінде торлар қоюды талап етіп отыр. Адамдар балаларына ие бола алмай қаламыз деп қорқып отыр", - делінген жарияланымда.
KAZ.NUR.KZ ҚТЖ мен көліктегі полицияға жүгініп, пікір сұрады.
"2025 жылғы 1 маусымда сағат 11:47-де Қарағанды-Ақадыр участогының Қарағанөзек-Қарабас өткелінде жүк көлігінің машинисі теміржолға екі жасар баланың шығып кетуіне байланысты пойызды шұғыл тоқтатқан. Зардап шегушіні ата-анасы жарақаттармен Қарағанды балалар ауруханасына жеткізген. Оқиға туралы ақпарат Қарағанды-Сортировочная станциясының желілік полиция бөлімшесіне хабарланды", - делінген ҚТЖ хабарламасында.
Көліктегі полиция департаментінің өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.