Елімізде 7 млн-ға жуық бала бар екені белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы әрбір баланы дамытуға, олардың құқықтарын қорғауға және тұтастай алғанда білім беру жүйесін нығайтуға бағытталған шаралар кешенін іске асырады.
Бүгінде Қазақстанда 6,9 млн бала тұрады, оның 3,9 млн-ы оқушылар, 1 млн-нан астамы балабақшаға барады, ал 556 мыңы колледждерде оқиды.
2024 жылы құқықтық базаны күшейтіп, балаларды қорғаудың пәрменді тетіктерін енгізуге ықпал еткен үш негізгі заң қабылданды. Олардың қатарында жетім балаларға тәлімгерлік туралы заңдар, сондай-ақ буллингке қарсы күрес, қауіпсіздікті нығайту және кәсіби патронаттық тәрбиені құру шаралары бар. Нәтижесінде жетім балалардың 82%-ы отбасында тәрбиеленеді, ал 3 мыңнан астам жаңа жанұя тауып, 330 адам тәлімгер болды, ал қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артты. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап отбасылық құрылымның жаңа нысаны – кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі.