Қазақстан аумағында әскери техника жүріп өтеді: министрлік ескерту жасады

/
Қазақстан аумағында әскери техника жүріп өтеді: министрлік ескерту жасады
istockphoto

Қорғаныс министрлігі 2-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштерінің дайындық жоспарына сәйкес еліміздің бірқатар өңірінде әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік даярлы,ын тексеру бойынша іс-шаралар өтетінін хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде бөлімшелерді дабыл бойынша көтеру, әскери техника лектерінің тұрақты орналасқан жерінен оқу-жаттығу аудандарына, полигондарға және оқу орталықтарына қозғалысы жоспарланған.

"Жаттығулар тек оқу мақсатында өткізіледі. Ондағы мақсат – жауынгерлік дайындық деңгейі мен жеке құрамның іс-қимыл үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ бөлімшелерді басқарудағы командирлік дағдыларды жетілдіру", - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство атап өткендей, әскери техниканың қозғалысы барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, қатаң бекітілген бағдарлар бойынша жүзеге асырылады.

Министрлік азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, барынша сабырлы болуға және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары