43 градус ыстық: Маусым айында ауа райы қандай болады

/
43 градус ыстық: Маусым айында ауа райы қандай болады
istockphoto

«Қазгидромет» РМК синоптиктері жаздың бірінші айына арналған ауа райының консультативтік болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, биылғы маусым айында ауа райы құбылмалы болады, температура күрт өзгереді.

Атмосфералық айналымның жазғы ерекшеліктері салқын және ыстық кезеңдердің ауысуымен, жаңбырмен және жекелеген күндері найзағай ойнау, бұршақ түсу, қатты жел тұру сынды құбылмалы ауа райымен сипатталады. Кейбір күндері шаңды дауыл болады.

Маусымның бірінші онкүндігінде температураның жоғары болуына қарамастан Қазақстанның барлық өңірінде жиі әрі қысқа мерзімде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанады. Тек кейбір күндері тропикалық ауа массаларын салқын атлантикалық ауа алмастырып, температура төмендейді. Мысалы, бірінші онкүндікте республикамыздың батысында ауа температурасы түнде +17+22°С-ден +7 + 12°С-ге дейін, күндіз +27+32°С-ден +20+25 градусқа дейін төмендейді.

Атырау және Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында және Ұлытау облысында түнде сынап бағаны +18+28°С-ден +12+23°С-ге дейін, күндіз +30+38°С-ден +20+30°С-ге дейін түседі, бірақ онкүндіктің соңында күндіз температураның +25°С-ден +32°С-ге дейін көтеріледі.

Солтүстік және орталық аймақтардың тұрғындары үшін аптап ыстықтың төмендеуі жаз айының бірінші онкүндігінің ортасында болады. Температура түнде +10+15°С аралығында болады, қиыр солтүстікте +7°С-ден +15+20°С-ға дейін, күндіз +25+30°С-ден +18+25°С-ға дейін өзгереді.

Республикамыздың шығысында алғашқы онкүндіктің басым бөлігінде температуралық фон түнде +10+15°С аралығын қамтып, оңтүстікте +20°С-ға дейін төмендейді, күндіз +22+30°С болады. Оңтүстікте, керісінше күн ысиды: +35°С дейін, бірінші онкүндіктің соңында, маусымның екінші онкүндігінің басында бұл өңірде күн салқын болады.

Бірақ оңтүстікте және Жамбыл облысында, тіпті түнгі уақытта да ыстық кезең болады, сынап бағаны көрсеткіштері +20+28°С, күндіз +35+43°С дейін жетеді. Алайда бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы аздап төмендейді: күндіз +28+33°С дейін.

Алматы облысында және Жетісу облысында ауа температурасы түнде +10+15°С-ден +15+20°С-ге дейін, күндіз +20+25°С-ден +30+35°С-ге дейін, таулы аудандарда түнде +2+7°С-ден +7 + 12°С-ге дейін, күндіз +10+15°С-ден +20+25°С-ге дейін біртіндеп жоғарылайды. Онкүндіктің екінші жартысында күндіз күн ысиды деп болжанады: +25+30°С дейін.

Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ең ыстық күндер туындайды: +33+40°С-ге дейін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте +43°С-ге дейін күн ысып, төтенше өрт қаупі артады, ал күн салқын күндері сынап бағаны +22+27°С-ге дейін төмендейді.

Еліміздің солтүстік жартысында, өңірдің орталығы мен шығысында ауа температурасы түнде +15+23°С-ден +2+10°С-ге дейін, күндіз +25+38°С-ден +15+27°С-ге дейін ауытқиды деп болжанады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары