Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында биіктікке секіруден қызықты жайт тіркелді.
3 спортшы бірдей биіктікті бағындырғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Надежда Дубовицкая жүлдеден тыс қалды.
🥇🇮🇳Пужа Пужа - 1.89 метр
🥈🇰🇿Елизавета Матвеева - 1.86 метр
🥈🇺🇿Сафина Садуллаева - 1.86 метр
4️⃣🇰🇿Надежда Дубовицкая - 1.86
Елизавета Матвеева 2023 жылғы Азия чемпионатында да 1.86 метр биіктікке секіріп, күміс жүлдеге ие болған еді.
Айта кетейік, отандастарымыз 2019 жылдан бері дәл осы сайыс түрінде жүлде алып келеді.