«5-10 теңгенің заты емес»: Қарақат Әбілдина Сара Тоқтамысованы құттықтап, сыйлық берді

/
«5-10 теңгенің заты емес»: Қарақат Әбілдина Сара Тоқтамысованы құттықтап, сыйлық берді
Коллаж: Turkystan.kz

Әнші Қарақат Әбілдина айтыскер ақын Сара Тоқтамысоваға жеңісімен құттықтап, ұлттық нақыштағы киім сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz.

Сара Тоқтамысова 7 жылдан кейін айтыс сахнасына оралып, Қызылорда қаласында өткен жарыстан бас жүлде иеленген.

«Сараның кезекті қатысатын айтысына киіп шығатын тақия мен камзол әкелдім. Өзі бидай өңді болғасын жарасады деп ойлаймын. Мені білесіздер, ерекше заттарды жақсы көремін. 5-10 теңгенің затын әкелгім келмеді. «Сараның сандығынан» көйлек сатып алып, сахнаға киіп шығасың. Айтысқа осы дизайнерлік киіммен шығып, бас жүлде алуыңа тілектеспін. Сара – менің жүрегімнің төрінен орын алған жан», – деп ықыласын білдірді Қарақат.

Айтыс өкілі бас жүлдесін тойлатып, қыз-келіншектердің басын қосқан еді.

«Айтыстағы жүлдеммен құттықтап әкелген сыйлығымды қараңыздаршы! Қандай әдемі ! Сахнаға әдемілеп киіп шығамын, бұйырса», – деді Сара.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары