Елордадағы Тоқпанов көшесінде, Оқушылар сарайының маңында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Kia K5 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жол жиегіне шығып кеткен.
«Автокөлік көгалдың үстімен жүріп өтіп, тұрғын үй кешенінің кіреберісіндегі бұталарға соғылып тоқтады. Оқиға кезінде тротуарда жаяу жүргіншілер болмаған, ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктің салонында тек жүргізуші болған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады. Алдын-ала мәлімет бойынша, 39 жастағы ер адам рөлде келе жатып, жүрек тоқтап қалғандықтан көз жұмған», – деп жазады басылым.
Қазір тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның нақты себептері анықталуда.