14 жастағы жасөспірім Каспий теңізіне батып кете жаздаған

/
14 жастағы жасөспірім Каспий теңізіне батып кете жаздаған
скриншот

Каспий жағалауында теңізге батып кете жаздаған жасөспірім құтқарылды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Құтқарушылардың мәліметінше, 2011 жылы туған бала суға түсуге арналмаған, арнайы рұқсат етілмеген орында суға секіріп, бата бастаған. Оны байқап қалған жаяу жүргінші дереу әрекет етіп, жасөспірімді жағаға шығарып үлгерген. Осылайша қайғылы жағдайдың алдын алды.

Оқиға орнына Маңғыстау облысы ТЖД-ның жедел-құтқару жасағы шұғыл жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жасөспірім жедел жәрдем бригадасына табысталды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда.

ТЖД өкілдері суға түсуге арналмаған, жабдықталмаған жерлерде шомылу аса қауіпті екенін ескертіп, бұл әрекет қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін қатаң ескертті.
Құтқарушылар азаматтарды суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары