Төрт адам қаза тапты: Алматы – Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

/
Төрт адам қаза тапты: Алматы – Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
istockphoto

Алматы – Бішкек тас жолының 44-шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам көз жұмды. Оқиға 28 мамыр күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды turkystan.kz Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны тізгіндеген КамАЗ жүк көлігінің тіркемесі жол үстінде ажырап кеткен.

Бақылаудан шыққан тіркеме қарсы бағытқа өтіп, Geely көлігімен соқтығысқан. Соққы инерциясымен Geely көлігі KIA Sportage-пен тағы соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Geely жүргізушісі мен тағы үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, - делінген ПД хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары