Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан «Алтын ханым» байқауында жүргізуші болып, тікелей эфирде ұятқа қалды.
Ол бағдарлама барысында қатысушыларды хабарлап тұрғанда сөзден жаңылысып қалды. «Бір минут» деген сәтте, қасындағы тележүргізуші Динара Сәтжан оған «бұл тікелей эфир» деп сыбырлап, ескертті. Кейін кәсіби тележүргізуші Мөлдірге көрерменнен қолдау білдіруін сұрайды.
Желіде аталған сәттің видеосы тез таралып, көпшілігі журналистиканың кәсіби саласын шоу-бизнес өкілдерінің иеленуін сынға алды.
«Айгүл Мүкей неге жүргізбеген?!», «Динара мықты маман екенін көрсетті», «Аузы қисық болса да, байдың әйелі сөйлесін», «Тұрсынбектің арқасында шығып жүрген адам», «Өте төмен деңгейдегі маман екенін көрсетті», «Мәтінін жаттамай, шатасып қалды», «Билеп жүргенше, қағазды оқып жаттамайсың ба?!», – деп жазды көпшілік.