Шалқарлық келіншек 12-сәбиін дүниеге әкелді

/
Шалқарлық келіншек 12-сәбиін дүниеге әкелді
istockphoto.com

Шалқар аудандық ауруханасында 35 жастағы Айым он екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Балаға Мұхаммед-Әли есімі берілді. 27 мамыр күні анасы мен жаңа туған сәбиі перзентханадан үйлеріне шығарылды.

– Анасында 11-ші жүктілік, 12-ші босану. Себебі, оның егіз балалары бар. Әйел Шалқар аудандық емханасында тіркеуде тұрды, ол салмағы 3400 грамм, бойы 55 см ұл баланы дүниеге әкелді. Бала туылған кезде де, перзентханадан шыққан кезде де жағдайы қанағаттанарлық болды. Ешқандай шағым болған жоқ. Сәби анасымен үшінші күні шығарылды, – деді Шалқар аудандық ауруханасының неонатолог дәрігері Жанна Досова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары