eGov Mobile қосымшасында жаңа анықтамалық бөлім пайда болды – «Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою бойынша сұрақтар». Енді пайдаланушылар келесі жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады: тұрғын үй кезегіне кім тұра алады, өтінімді қарау қанша уақытты алады, егер тұрғын үй туыстардың атына рәсімделген болса, өтінім беруге бола ма және тағы басқалары.
Бұл жаңарту 2025 жылғы 24 мамырдан бастап өтінімдер қабылданатын Отбасы банкінің жаңа интернет-порталы – orken.otbasybank.kz сайтының іске қосылуына орай енгізілді. Енді өтінім беру процесі толықтай онлайн режимде жүзеге асады – өтінім беру үшін ЭЦҚ арқылы авторизациядан өту қажет.
«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі – Отбасы банкінің бірыңғай цифрлық платформасы ретінде жұмыс істейді және 14 мемлекеттік дерекқорға қосылған. Жүйе азаматтың тұрғын үйінің бар-жоғы, табысы, отбасы құрамы және мұқтаждық мәртебесі туралы деректерді автоматты түрде тексереді. Адам факторын болдырмай, есеп жүргізу толығымен автоматтандырылған.
Өтінімді қарау нәтижесінде азаматқа шешім туралы SMS-хабарлама 1414 қысқа нөмірінен келеді – өтінімнің мақұлданғаны немесе бас тартылғаны көрсетіледі.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov Mobile қосымшасында осы бағдарлама шарттарымен алдын ала танысуға көмектесетін анықтамалық ақпарат орналастырылған. Аталған бөлімді қосымшаның басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінен табуға болады.