Павлодарлық ақын Пушкин медаліне ие болды

/
Павлодарлық ақын Пушкин медаліне ие болды

Павлодарлық ақын, Марина Цветаева мұражайының директоры Ольга Григорьева Ресей консулының қолынан марапат алды, деп хабарлады сайты Pavlodarnews.kz жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Айта кетейік, аталған мемлекеттік марапат ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін жақындастыру мен өзара байытуға қосқан зор үлесі, отандық әдебиет пен өнерді шетелде танымал етудегі белсенді қызметі үшін тағайындалған.

 «Сіздің қалаңызға қайта келгеніме өте қуаныштымын. Алғашқы сапарымнан кейін қала мен облыс тұрғындарынан өте жақсы әсер алдым. Көрнекті, қызық, зерделі, ақылды, еңбекқор бабалардың рухына құрметпен қарайтыныңыз үшін жоғары бағалаймын, – деді Ресей Федерациясының Бас консулы Алан Хетагуров Өскеменде.

Ольга Григорьева марапатты қабылдап, әріптестері мен жерлестеріне алғысын білдірді.

«Осы сыйымыз – біздің тату мұражай қызметкерлерінің және Цветаева іс-шараларымызға келетін барлық павлодарлықтардың еңбегі.

Марапаттау рәсімінің Новосибирск облысының мәдениет күндерінің ашылу күніне орай өткеніне екі есе қуанамын. Өйткені Новосібірде туып, 14 жасқа дейін сонда тұрдым», – деп атап өтті ақын.

Ольга Григорьева консулға мұражайдан Анастасия Цветаеваның бұрын жарияланбаған бірегей материалдары бар жаңа кітабын сыйға тартқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары