Еліміздің қай өңірінде бензин қымбат

/
Еліміздің қай өңірінде бензин қымбат
istockphoto

Қазақстанда бір жылдың ішінде бензин орташа есеппен 2,2 процентке қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz EnergyProm порталына сілтеме жасап.

Өткен жылмен салыстырғанда АИ-92 маркалы бензин 1,8%-ке көтерілсе, АИ-98 — 3,2%, ал АИ-95/96 бағасы 4,3%-ке өсті. Бір жыл ішінде бензин айтарлықтай қымбаттаған өңірлер:

Батыс Қазақстан облысы - 4,8%;

Ақтөбе облысы - 4,1%;

Шымкент қаласы - 3,1%;

Ал Алматы (0,9%), Ақмола (1,1%) мен Жетісу (1,7%) облыстарында бензин бағасы қатты өспеген.

Сәуір айында АИ-92 маркалы ең қымбат бензин Петропавлда (литріне - 209 теңге), ал ең төмен баға Атырау жақта (литріне - 195 теңге) болды. АИ-95/96 маркалы бензин Талдыкорғанда (литріне - 274 теңге) қымбат. АИ-98 маркалы бензиннің ең жоғары бағасы Алматыда (литріне - 315 теңге) тіркелді.

Айта кетері, бүгінде орташа жалақыға сатып алуға болатын бензиннің көлемі жағынан Қазақстан 124 елдің ішінде 36-шы орында тұр. Бізде орташа жалақыға 1,1 мың литр бензин сатып алуға болады.

Ал ТМД елдері ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орында келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары