«Қонақтан келген бетте тамақ сұрайды»: Қыдырәлі Болмановтың қылығы көпті таңқалдырды (ВИДЕО)

/
«Қонақтан келген бетте тамақ сұрайды»: Қыдырәлі Болмановтың қылығы көпті таңқалдырды (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші Қарақат Әбілдина тойдан келіп те күйеуіне ас дайындап беретінін айтып көпке мақтанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бейне жариялады. Бейнеде Қарақат Әбілдина аста-төк тойға барып келсе де, күйеуі Қыдырәлі ауқаттануға кіріскенін айтқан.

"Шынайы өмірдегі сәттерден де салып қояйыншы дедім. Қазір ғана тойдан келдік. Той болғанда қандай той шіркін! Жаңаарқаның бес елі қазысы мен телшігі , бал қымызы Ботақан апамның берекелі дастарханы сөз жоқ керемет болды. Бірақ біздің үйдің отағасы осылай міні , қонақтан келе салып тамақ сұрайды. Үнемі осылай ғой. Сіздерде де солай ма?", - деді Қарақат Әбілдина.

Желі қолданушылары болса, соның ішінде Қайрат Нұртастың анасы да бұл бейнеге пікір білдірді.

"Бізде де тура осылай шынайы өмірде. Тойда Нүрекең түк жемей отырады да үйге келе сала шыж-быж жасап жібер деп шәй ішеміз", - деді Гүлзира Айдарбекова. Ал Тоқтар Серіковтың әйелі: "Бізде бар. Үнемі тойдан келе салып шәәәй деп бастайды". "Ас болсын, аға!", - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары