Ақмола облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

/
Ақмола облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті
istockphoto

Ақмола облысында жеңіл көлік пен жол талғамайтын автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 24 мамыр, сенбі күні "Көкшетау–Рузаевка" автожолының 12-ші шақырымында тіркелген. Полицияның мәліметінше, Land Cruiser Prado және Kia Rio маркалы автокөліктер соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Land Cruiser Prado көлігінің бір жолаушысы, сондай-ақ Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті жол апатының алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, көлік құралдарының техникалық жағдайына үнемі назар аудару қажет екенін ескертеді, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде мұндай сақтықтың маңызы зор.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары