Атақты боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.
Penalty.kz жазуынша, бастама жөнінде "Alash Pride" лигасының президенті Әлімжан Бектаев мәлім етті. Ұйымдастырушылар Тайсонға қарсылас ретінде ММА әлемінің аты аңызға айналған тұлғасы Фёдор Емельяненконы шақыруды жоспарлап отыр.
Біз желтоқсан айында Майк Тайсон мен Фёдор Емельяненко арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Қазір бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған турнирге Тайсонды арнайы қонақ ретінде шақырғымыз келеді, – деп атап өткен Ә. Бектаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.