Ертең ел аумағында найзағай ойнап, үсік жүреді

/
Ертең ел аумағында найзағай ойнап, үсік жүреді
istockphoto

"Қазгидромет" мамандары 26 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қазгидромет" синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қай өңірлерде жауын-шашын күтіледі?

Шығыс пен оңтүстік-шығыста – жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жаңбыр болады;

Орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда – бұршақ пен дауыл болуы мүмкін;

Батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде – жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ауа райының қауіпті құбылыстары

Күндіз еліміздің бірқатар облысында жел күшейеді;

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – шаңды дауыл көтеріледі;

Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Үсік қаупі бар өңірлер

26 мамыр күні түнде мына облыстарда 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін:

Солтүстік Қазақстан

Қостанай

Ақтөбе (солтүстігі мен шығысы)

Ақмола (батысы, солтүстігі, шығысы)

Павлодар (батысы, солтүстігі)

Қарағанды (батысы мен солтүстігі)

Ұлытау (солтүстік аудандары).

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары