«Біреулер депрессияға түсіп кетуі мүмкін»: Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атағын иеленді

/
«Біреулер депрессияға түсіп кетуі мүмкін»: Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атағын иеленді
Әлеуметтік желіден

Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы профессор атағын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.

«Құрметті достар! Сүйінші! 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні еліміздің мәдениет майталмандары марапатталып жатқанда, Қытай Сиань консерваториясының профессор атағымен менде марапатталдым. Бұл консерваторияда 6000 болашақ музыканттар өз мамандығы бойынша оқитын білім ордасы»,—дейді опера әншісі.

Оның айтуынша, консерваторияға түсу бақыты сол адамның маңдайына қонатын бақ.

«Әсіресе, бұл білім ордасында профессор болу деген енді сөзбен жеткізе алмаймын. Сонымен қатар, 11 жыл бұрын Қырғыз ұлттық консерваторияның профессоры атанғам. Ал біздің Астанадағы Шабыт ұлттық консерваторияда қанша жыл жұмыс істеп, Шакірттерім халықаралық конкурстарда 1-орын алсада бір жапырақ алғыс хат беруге жарымаған. Бірақ, Шукір! Халықтың махаббатынан артық не керек деп жүре бердік.

Мен енді Алла қаласа Сиань да жылына кем дегенде екі рет барып мастер класс беріп тұрамын. Ал әр сағаттың бағасын айтсам біреулер депрессеге түсіп кетуі әбден мүмкін Аллама мың шукір! аброй биігінен түсірмесін Шымкент операмен біраз театрлар арасында меморандумғада отырдық. Жақсы күндер әлі алда! Шымкент операны әлемдік театр қатарына қосқаным қосқам. Айтпақшы, Сиань ға оқуға түсетін талантты жастар болса көмектесемін», — дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары