Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 25 мамырда сағат 07:35-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 км жерде орналасқан.
Сезілуі туралы мәліметтер:
Өскеменде - 2 балл
Қатон-Қарағайда - 2 балл
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.