Қаза тапқандар бар: Талдықорғанда қонақ үй өртенді

/
Қаза тапқандар бар: Талдықорғанда қонақ үй өртенді
istockphoto

Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінде болған өрттен кейін әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция аталған дерек бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, жедел-тергеу іс-шаралары барысында 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ол қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеудің мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 24 мамырға қараған түні сағат 4:14 шамасында тіркелген.

Қонақ үйдің бірінші қабатындағы ресепшен аумағында 20 шаршы метр аумақ жанып, өрт жедел сөндірілді. Ғимараттан 35 адам, оның ішінде балалар да, эвакуацияланды. Өртті сөндіру кезінде әйел адамның мәйіті табылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары