Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 - 514 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 24 мамырға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 510, 84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,39 теңге. Еуро – 579,7
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 510 теңге. Еуро сатып алу бағамы – 579, сату құны – 584.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 514 теңге, сатып алу құны – 508 теңге. Еуро 575 теңгеден сатып алынып, 582 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 - 6,41 аралығында саудаланып жатыр.