Әнші Қарақат Әбділдина 4 жастағы тыңдарманы Жәмилә Есенжанның өнеріне тәнті болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода бүлдіршін әр айтқан сөзін үлкен эмоциямен жеткізіп, әншіге ерекше әсер сыйлағанын көруге болады. Қарақаттың өзі де баланың сөзіне шынайы сүйсініп, мейіріммен жауап бергені көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Желі қолданушылар «Қарақаттың тәтті қылығы әлі басылмапты ғой», «Бала мен Қарақат екеуі жарысып сүйкімді болып тұр», «Осындай сәттерді көріп жүрек тынышталады», – деген пікір жазған.