Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман «ALAŇ» жобасы аясында 9 аймақтағы стадиондар жөндеуден өтетінін мәлімдеді.
"Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА арасында келісімге қол қойылды. Жоба аясында бастапқыда жоспарланған 7 аймақтың орнына 9 аймақта стадиондар жөндеуден өтеді", – дейді кеңесші.
Стадиондар жөнделетін 9 аймақ:
• Қостанай
• Петропавл
• Екібастұз
• Тараз
• Жалағаш (Қызылорда облысы)
• Ақтөбе
• Орал
• Атырау
• Жаңаөзен