WhatsApp - та басқаны балағаттаған адамға қомақты айыппұл салынды

/
WhatsApp - та басқаны балағаттаған адамға қомақты айыппұл салынды
istockphoto.com

Ақтау қалалық сотында телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2024 жылдың 19 шілдесінен бастап 14 қарашасына дейін сотталушы «WhatsApp» мессенджеріндегі ортақ чатта жәбірленушіге қатысты мәтіндік және аудио хабарламалар жіберіп, онда бейәдеп сөздер айтып балағаттаған. Осылайша оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.

Осыған байланысты жәбірленуші сотқа жүгінген. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді.

 Сот оны кінәлі деп танып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ жәбірленушінің  пайдасына моральдық шығын ретінде 50 000 теңге, өкілдің қызметіне кеткен шығын үшін 200 000 теңге және сараптама жүргізуге жұмсалған 250 000 теңгені өндірді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары