Елордалық гимнасшылар Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

/
Елордалық гимнасшылар Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
gov.kz

Көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары жалпы саны 11 медаль жеңіп алды. Оның 5-еуі – алтын, 4-еуі – күміс, 2-еуі – қола жүлде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде командалық көпсайыста №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің құрамасы алтынға қол жеткізді. Сеньорлар арасындағы командалық біріншілікте осы құрамға Айым Мейіржанова мен Айбота Ертайқызы қосылып, күміс жүлде әкелді. Юниорлар жарысында Ақмарал Ерекешева мен Рысбек Айғаным да күміске табан тіреді.

Финалдық бағдарламада №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы 3 шығыршық + 2 жұп ұршық жаттығуында алтын, 5 лентада күміс еншіледі.

Жеке нәтижелер:

Айбота Ертайқызы – лентада алтын медаль, көпсайыста қола медаль;

Ақмарал Ерекешева – доп пен лентада қос алтын медаль, ұршықта күміс медаль;

Айым Мейіржанова – ұршықта қола медаль;

Рысбек Айғаным – жеке көпсайыста 4-орын.

Бұл тарихи нәтижеге жетуге зор үлес қосқан бас жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева бастаған тәжірибелі бапкерлер құрамында Оксана Нечитайло мен Екатерина Панченко бар. Спортшыларды дайындаған хореографтар – Шыңғыс Оспанбаев бастаған Сая Айдыс пен Карина Аблакова.

Бұл жарысқа 19 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары