Жақында тұрмыс құрған актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова күйеуінен сыйлыққа пәтер алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы өнер иесінің күйеуі желідегі парақшасында мәлім етті.
«Менің әйеліме сыйлығым – пәтер. Енді Алматының орталығынан өзіміздің жайлы ұямызды құрамыз!», – деп бөлісті кстрим-блогер Сәкен Қағаров.
Видеодан Айжұлдыз бен Сәкеннің кең пәтерде жүргенін көруге болады. Енді жас жұп жөндеу жұмыстарын жасап, қоныс тойын атап өтпек.