Универсиада жеңімпаздары 1 миллион теңге сыйақы алды

Универсиада жеңімпаздары 1 миллион теңге сыйақы алды

Универсиада жеңімпаздары 1 миллион теңге сыйақы алды
ашық дереккөзі
169
Павлодар қаласының әкімдігі ғимаратында XXVIII Универсиада ойындары мен VIII қысқы Азиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Шаһар басшысы Нұржан Әшімбетовпен бірге аталмыш шараға шаңғышы Анна Шевченко мен Ирина Быкова, биатлоншылар Дарья Усанова, Максим Браун, Антон Пантов пен олардың бапкерлері қатысты. - Универсиада мен Азиада - аса маңызды халықаралық бәйгелердің бірі. Оған қатысудың өзіне үлкен қайрат пен табандылық қажет. Алдағы уақытта сіздерді XXIII қысқы Олимпиада ойындары күтіп тұр. Павлодарлықтар қашан да әлемдік жарыстарда жоғары өнер көрсететін. Қала тұрғындары мен әкімдіктің, депутаттардың атынан спортшыларымызға бір миллион теңгеден, ал, бапкерлеріне 500 мың теңгеден сыйақы ұсынамыз, - деді Нұржан Әшімбетов. Қала әкімінің айтуынша, бүгін әкімдікте жоғары нәтижеге қол жеткізген бапкерлер мен спортшыларды марапаттау үшін қосымша бес миллион теңге бөлінген. - Бізге қолдау бергендеріңіз үшін және бүгінгі өткізген кездесулеріңізге рахмет айтқым келеді. Біз осылай қала мен елдің абыройын асырып жүргенімізді мақтан тұтамыз, - деді Дарья Усанова. Еске сала кетейік, Анна Шевченко Универсиада ойындарында бес мәрте жеңіс тұғырына көтерілген. Ирина Быкова аталмыш жарыстың бір күміс жүлдесін тақымдаса, Дарья Усанова Универсиаданың бір күміс медалімен қатар Азиада ойындарының алтыны мен қоласын қанжығасына байлаған. Антон Пантов жоғарыда аталған екі жарыстың да күмісін қолға түсіріп, Азияда ойындарының қола медалін де ұтып алған. Ал, Максим Браун Азиаданың алтынын жеңіп алды.    

Серіктес жаңалықтары