Алматы облысында көкпардан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының XIX Чемпионаты басталды. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 13 команда, 156 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көкпардан жастар арасындағы Чемпионаттың жүлде қоры – 12 млн 350 мың теңге. Әр ойында жеңіске жеткен командаларға айналымдағы орнына сай ақша беріледі. Финалда жеңген команда 1 млн теңгеге ие болады. Сондай-ақ, «Үздік шабуылшы ат, «Үздік ат», «Үздік жекпе-жек ат», «Үздік ойыншы» аталымы бойынша әрқайсына 300 мың теңге сыйақы тағайындалады.