«2 сағат сол қызға қарап айттым»: Жігер Ауыпбаев экс-ғашығы туралы айтты

/
«2 сағат сол қызға қарап айттым»: Жігер Ауыпбаев экс-ғашығы туралы айтты
скриншот

Әнші Жігер Ауыпбаев Revuenews бағдарламасына берген сұхбатында концертіне келген тыңдарманына ғашық болғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі алайда жүрегін жаулаған арумен бірге бола алмағанын мәлім етті. Сондай-ақ ол жақында шыққан әні бұрынғы ғашығына арналғанын жасырмады.

«Ол адам менің туып-өскен жерімнен болды. Мен желтоқсан айында сол ауылға концерт қоюға бардым. Сол концертте әрі-бері өтіп жүргенін көрдім. Кеш басталған кезде оны іздей бастадым. Жан-жағыма қарасам, дәл алдымда сол жақта отыр екен. 1,5-2 сағаттық концертті сол қызға қарап айттым. Ол оны байқады. Бір көргеннен ғашық болдым деп айтуға болады.

Концерт біткеннен кейін әлеуметтік желіге кірсем, мені беліглеп сурет салған. Солай тауып алып, кейін сөйлесіп кеттік.

Есімін айта алмаймын. Ол адамды басымда қиын сынақтар болып, қиналып жүрген сәттерімде жолықтырып, көңіл жарастырдым. Қиын сәтте біреудің бір жылы сөзі күш беріп тұрады ғой. Сонда сәтте ол маған демеу болды.

Басымыздан көп жағдай өтті. Кейін бәрі жақсы болып келе жатқанда ара-қатынасымызға қыздың ата-анасы мен бауырлары қарсы болды. Сөйтіп екі жаққа кеттік», - деді ол

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары