Қостанайлық келіншек дәрігерлердің салғырттығынан сәбиінен айырылып қалды

/
Қостанайлық келіншек дәрігерлердің салғырттығынан сәбиінен айырылып қалды
фото: https://region15.ru

Қостанай тұрғыны Әсел Уақбаева перзентханада дәрігерлердің салғырт әрекетінен сәбилі болу мүмкіндігінен айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, жүктіліктің 35-аптасында қауіп белгілерімен ауруханаға түскеніне қарамастан, шұғыл ота уақытылы жасалмаған. Салдарынан нәресте жатырда шетінеп кеткен. Кейін әйелдің өмірін аман алып қалу үшін жатырын алып тастауға тура келген.

Тәуелсіз сараптама дәрігерлер тарапынан қателіктер кеткенін растаған. Алайда іс бойынша әлі нақты шара қолданылмаған. Әселдің айтуынша, алғашқыда бұл жағдай «медициналық оқиға» ретінде бағаланып, комиссия құрылмаған. Тек бірнеше шағым мен өтініштерден кейін ғана тәуелсіз сараптама жүргізіліп, дәрігерлердің әрекетінен денсаулығына зиян келгені анықталған.

Бүгінде өтемақы төлеу мәселесі сақтандыру компаниясының шешіміне байланысты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы жағдайға байланысты кейінірек пікір білдіретінін мәлімдеді.

Зардап шеккен ана болса, әділдік іздеп, прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігіне хат жазуды жалғастыруда.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары