Шымкентте сегіз адамды қарақұрт шағып алды

/
Шымкентте сегіз адамды қарақұрт шағып алды
istockphoto.com

Шымкентте қарақұрт шаққан 8 адамның екеуі ауруханаға түсті. Қалған алты адам амбулаториялық ем алған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлер биыл қарақұт жылдағыдан ерте шыққанын ескертіп, абай болуға шақырады.

Қарақұрт шаққанда не істеу керек?

 Қарақұрт шаққанда аса білінбейді. Бірақ мұның соңы өлімге әкелуі мүмкін. Егер екі тәулікте ауруханаға барып, медициналық көмекке жүгінбесе адамның денсаулығы нашарлауы мүмкін», - деді О. Орынбаев атындағы жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

Қарақұрт шаққанда алғашында ауырсыну болмайды. Шаққан орын болмашы қызарып, теріде екі нүкте сияқты із қалады. 5-20 минуттан соң ауырсыну бірден басталып, бүкіл денеге жайылады. Құрысу, тершеңдік, бас пен іштің ауруы, жүрек жеткіліксіздігі, тыныстың тарылуы. Мұның бәрі қарақұрт шақаннан кейін басталуы мүмкін.

Қарақұртты өзге жәндіктерден айыру оңай. Денесі қара, кейбірінде қызыл дақтар болуы мүмкін. Қарақұрт құрғақ, ашық жерлерде көп жүреді. Далада, жыраларда, бос жерлерде, қараусыз қалған ғимараттарда жиі кездеседі.

«Мысалы, сырт киімім төменде ілулі тұр. Қарақұрт жеңінен не жәй ғана ішіне кіруі мүмкін. Мен оған тиіп кеткенде ол мені шағып алады. Қарақұрттың көбеюі ауа-райына байланысты. Күн ысыса көбейіп кетеді», - деді герпентолог Александр Гурнев.

Ауа-райы өзгерген жағдайда, қарақұрт өліп азаяды.

Мамандардың айтуынша, кез келген жерде қарақұртты көрсеңіз мүмкіндігінше қауіпсіз жерге барған абзал. Егер үйде пайда болса, дәрілеп, дезинсекциялау маңызды. Мамандар қазір далада ұйықтамауға, киім кешек кигенде оған мән беріп, тексеруге, құрғақ шөптен барынша қашық тұруға, өрмекшілер жасырынуы мүмкін құрылыс қоқыстарынан арылуға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары