Түркістан облысы Арыс аудандық сотында К.-ның жауапкер ЖШС-на еңбек шарты негізінде жалақыны және әлеуметтік төлемдерді өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сотпен анықталғаны:
2021 жылы ЖШС мен К.-нің арасында еңбек шарты жасалды.
Еңбек шартыныңталаптары:
- К. кәсіп орынның бас есепшісі қызметіне тағайындалды;
- еңбек шарты белгісіз мерзімге жасалған;
К. аталған кәсіп орыннан 2023 жылдың соңында өз еркімен жұмыстан босатылған.
Талапкер өзінің арызында, кәсіп орыннан еңбек шарты негізінде:
* еңбек шарты бойынша 5,4 млн. астам теңге;
* экологиялық төлем 3,6 млн. теңге;
* жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланбаған 47 күні үшін 1,8 млн. теңге;
* еңбек демалысын берумен бірге жыл сайынғы сауықтыруға арналған қызметтік айлықақы көлемінде 2,4 млн. теңге;
* 2023 жылдың қыркүйек, қазан, қараша және желтоқсан айларында міндетті зейнетақы жарналары 770 мың теңге,
* МӘМС 56 мың теңге өндіруді соттан сұраған.
Сот, ҚР Еңбек кодексінің 23-бабының 2-бөлігі 5-тармақшасын негізге ала отырып «Жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті».
31 қаңтар 2025 жылы сот шешімімен:
К.-нің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер ЖШС-нен 10 млн. астам теңгеден өндірілді.
Шешім заңды күшіне енді.