Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымаған инватакси қызметі жазаланды

/
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымаған инватакси қызметі жазаланды
istockphoto.com

Қызылорда қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасының талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдар тәулік ішінде күндізгі және түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері инватакси қызметін пайдалануға құқылы.

Дегенмен инватакси қызметі тек дүйсенбі-жұма күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жекелеген әлеуметтік нысандарға ғана тасымалдаған.

Прокуратура араласқаннан кейін келісімшарттарға өзгерістер енгізіліп, инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі Қағида талаптарына сәйкестендіріліп, тасымалдау уақытына белгіленген шектеулер алынды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары