Белгілі әнші Мирас Жүгінісов "Қызық Times" бағдарламасына қонақ болып, онда өзіне қолдау білдірген әріптестері және өнерде жетістікке жетеріне сенбеген аға буын өкілдері туралы айтты, деп жазады nur.kz.
"Бұрыннан айтқым келіп жүретін. "Ағайынды Жүгінісовтер" құрамында ән айтып жүрген кезде маған көп кісі, оның ішінде өнерде жүрген кісілер: "Сен ән айтпай-ақ қойсаңшы", - дейтін. Ағайындылармен ән айтып жүрген кезде мен төмен дауыспен айтатынмын көбіне, содан болар: "мүмкін сен ән айтпай-ақ қоярсың?!", - деген еді. Ол кісілердің есімін айтпаймын", - деді Жүгінісов.
Сонымен бірге әнші өзін қолдаған "ағаларына" да алғысын жаудырды
"Бірақ сол кезде мені қолдаған астаналық Дос ағамыз маған әрдайым: "Сен тастама, мен сенен мықты әнші шығатынына сенемін", - деп жігерлендіретін. Қай жерде көрмесем де, сөйтіп қолдау білдіретін. Ол кісіге алғысым шексіз", - деді әнші.