Жапонияда көше ортасында «Адай» күйін тартып отырған жапонның өнері көпшілікті тамсантты (ВИДЕО)

/
Жапонияда көше ортасында «Адай» күйін тартып отырған жапонның өнері көпшілікті тамсантты (ВИДЕО)

Жапонияда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Елдос Сүгірбай желідегі жеке парақшасына жапонның домбыра тартып отырған сәті таспаланған видеосын жүктеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жапондық күйшінің есімі — Акире Такегучи.

«Көшеде кетіп бара жатып домбыраның дауысын естідім. Күшті сезім екен. Үш ұйықтасам да түсіме кірмепті», - деп жазды Елдос Сүгірбай.

Ол жапон музыканты Акире Такегучиге домбыраны тәуір ойнағанын айтқан. Өнерлі азамат домбыра тартуды Түркияда жүрген кезінде қазақ танысынан үйренген. Ол домбыраны нотаның көмегімен меңгеріп алған. Алайда ол өзіне ұстаздық еткен адамның есімін ұмытып қалған. Сондай-ол домбырашы Секен Тұрысбекпен кездескенін де атап өтті. Әңгіме барысында ол «Адай» күйін орындады.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін бұл күйші туралы жазғанбыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары