"Саған күнде бата беруге дайынмын": Айжұлдыз Адайбекова әсерлі жазба жариялады

/
"Саған күнде бата беруге дайынмын": Айжұлдыз Адайбекова әсерлі жазба жариялады
cурет: www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Танымал актриса Айжұлдыз Адайбекова ұлын туған күнімен құтықттап, әлеуметтік желідегі парақшасында ақжарма тілегін жеткізді.

Бөпем менің, ақылдым. Сен мен үшін біріншіден ұстаз, екіншіден нағыз махаббатсың. Жақсы көремін, болашағың зор, жолың ашық, талабың биік, масштабың молынан болсын! Ештеңеден қорықпа, себебі Алланың өзі сені шынымен жақсы көреді, оған еш күмәнім жоқ. Бастысы 24/7 дұғамдасың, және саған күнде бата беруге дайынмын, – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова. 

Актрисаның ұлы 4 жасқа толды. Желі қолданушылары да тілегін жаудырып, жақсылық тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары