Бүгін белгілі әнші, термеші, домбырашы Тоқтар Серіктің туған күні. Осы орайда әншінің жары Бейбіт Сейдуәлиева жұбайына жылы лебізін жеткізіп, өлең жолдарымен құттықтады, деп жазады turkystan.kz.
«Бір мен үшін жайқалатын гүл егін,
Бір мен үшін жандың, талай түледің.
Мен қуансам сен балаша мәз болдың,
Мен сүрінсем, құламауымды тіледің.
Сенің туған күніңе арнап жарқыным,
Бар әлемнің жылулығын тіледім.
Өмір дейтін мына жарық мекенде,
Бірге соқсын жүрегіңмен жүрегім.
Туған күн құтты болсын, жаным», – деп жазды ол.