Теннисші Жібек Құламбаева халықаралық турнирдің чемпионы атанды

/
Теннисші Жібек Құламбаева халықаралық турнирдің чемпионы атанды
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұптық сайыстың финалында Жібек Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая чехиялық Джесика Малечкова мен Мириам Сконы жеңді.

Кездесу есебі — 4:6, 6:3, 11:9.

Бұл Жібек үшін ITF W100 сериясындағы қатарынан екінші жеңіс болды. Жалпы, Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары