Храпуновтың мүлкі елге қайтарылуы мүмкін

Храпуновтың мүлкі елге қайтарылуы мүмкін

Храпуновтың мүлкі елге қайтарылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Әділет министрлігі Храпуновтың шетелдердегі бар мүлкін қайтарып, Алматы әкімдігіне келген шығынды толық өтеттірмекші. Отандық заңгерлер қазір қашқын шенеунікке қатысты Калифорнияда өтетін сотқа қызу дайындалып жатыр. Ведомства өкілдері АҚШ-қа барып, Храпуновтың Қазақстанда жасаған қылмысын әшкерелейтін айғақтарды көрсетуге де әзір. Осыдан 4 жыл бұрын Алматы әкімдігі Виктор Храпуновқа қатысты Лос-Анжелестің сотына шағымданған еді. Ол кезде америкалық қазылар арызды кері қайтарған. Енді апелляциялық сот шешімді бұзып, істі қайта қарауға келісіп отыр. Қашқын олигарх Алматының басқарып тұрғанда шаһарға тиесілі мүліктерді сатып, 300 миллион долларды жымқырды деп айыпталуда. Қырауар қаржыға ол бастапқыда Швейцариядан қымбат көліктер мен зәулім үйлер сатып алған. Кейін бар байлығын АҚШ-қа аударып жіберіпті. Қазір Храпуновқа қатысты бізден бөлек, АҚШ-та азаматтық, ал Швейцарияда қылмыстық іс қозғалған. Енді Әділет министрлігі Храпунов пен оның отбасына тиесілі ұрланған мүліктерді түгел қайтармақ. Бірақ, ол оңайға соқпайтын сынды. Өйткені, Храпунов ең мықты адвокаттарды жалдап, шетелдегі дүниесін заңдастырып алған. «Калифорнияда Храпуновқа тиесілі бағалы мүлік бар. Оның бірнеше вилла, қымбат көліктерін сатып, Алматыға келтірген шығынды жабуға болады. Ал АҚШ-тың соты шығарған шешім арқылы Храпуновтың әлемнің кез-келген елінде жасырған мүлкін тартып ала аламыз», - дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.