Алматы орталығында апат болып, жас жігіт қаза тапты

/
Алматы орталығында апат болып, жас жігіт қаза тапты
istockphoto.com

Кеше кешкісін Алматының Сайын көшесінде жол-көлік апаты болып, жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

1 мамыр күні кешкі сағат тоғыздар шамасында Алатау ауданында шағын автобус аударылған. Жүргізуші Сайын көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне ұшып кеткен.

«Жол-көлік апатының салдарынан шағын автобустың 1998 жылғы жолаушысы қаза тапты», - деді Алматы полициясы.

Қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары