Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Grand slam турнирінде қола медаль үшін күреседі

/
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Grand slam турнирінде қола медаль үшін күреседі
Olympic.kz

2-4 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр.

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) жарыстың қола жүлдесі үшін таласқа түседі. 

Спортшымыз жарысты сәтті бастап, жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда 1/2 финалда қытайлық Чжуан Веннаға есе жіберді. Қола жүлде үшін Әбужақынова өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездеседі.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары